Түркі мемлекеттері ұйымының 2025 жылғы саммиті Венгрияда өтеді

Венгрия – Түркі мемлекеттері ұйымына бақылаушы ел ретінде мүше.

2025 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті Венгрия астанасы – Будапешт қаласында өтеді, деп хабарлады Қырғызстан президентінің ресми сайты

Еске салайық, бүгін Қырғызстан астанасы – Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының биылғы, он бірінші саммиті өтеді. Оған Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан елдерінің басшылары қатысады. Саммит "Түркі әлемін нығайту: Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және баршаға қауіпсіздік" ұранымен өтеді деп жоспарланған. 

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Венгрия үкіметінің басшысымен стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қою кезінде Түркі мемлекеттері ұйымының 2025 жылғы бейресми саммитін Венгрияда өткізу туралы ұсыныс қолдау тапқанын хабарлады. 


Оқи отырыңыз:


Айта кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымының (бұрынғы атауы – Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі) саммиті 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан мүше болса, Венгрия мен Түрікменстан бақылаушы ел ретінде қатысады. 

Түркі мемлекеттері ұйымының үш саммиті Қазақстанда (екі рет Астанада, бір рет Алматыда) өтті. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".