Түркістан облысында 13 елді мекен таратылады

Олардың дені – разъездер мен ауылдар.

Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен облыстың мәслихаттың шешіміне сәйкес, Арыс қаласы мен Түлкібас, Сауран, Қазығұрт және Сарыағаш аудандарындағы бірқатар елді мекендерді тарату жоспарланып отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталынан белгілі болды.

Таратылатын елді мекендер:

  • Арыс қаласы Ақдала ауылдық округінің Ақын-Жақып, Тоғайлы және Тақыркөл елді мекендері;
  • Түлкібас ауданы Кемербастау ауылдық округінің РЗД-117 елді мекені және Келтемашат ауылдық округінің Ақсай елді мекені;
  • Сауран ауданы Қарашық ауылдық округінің Қаратөбе елді мекені және Шорнақ ауылдық округінің 32-разъезд елді мекені;
  • Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округінің Қырыққыз елді мекені;
  • Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округінің Сөк-Сөк елді мекені, Дарбаза ауылдық округінің 50-разъезд, Бесқұдық елді мекендері және Жылға ауылдық округінің 49-разъезд, Нұрауыл елді мекендері.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 3 қарашаға дейін. 

Еске салайық, биылғы жазда Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты Нұра елді мекенін тарату жөнінде де шешім қабылданған болатын. 


Оқи отырыңыз: Түркістан облысында тағы бір ауыл таратылады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".