Түркістан облысында 9 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Түркістан облысының полицейлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы ер адамды ұстады.

Анықталғандай, күдікті деп танылған Ресей азаматына есірткіні заңсыз сақтау қылмысы үшін 2014 жылы іздеу жарияланған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Кентау қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қылмыскердің орналасқан жерін анықтады. Одан әрі жедел уәкілдердің жүйелі жүргізілген әрекеттерінің арқасында ер адам Кентау қаласындағы пәтерлердің бірінен ұсталды. Полицейлер оны қалалық полиция бөліміне жеткізді.


Оқи отырыңыз: Халықаралық іздеудегі Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды


Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".