Түркістан облысында полиция қызметкерлері бүтін бір отбасыны өрттен құтқарып қалды

Малға арналған екі қабатты ғимараттың шатырында шөп өртенген.

Түркістан облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің қырағылығының арқасында Сайрам ауданындағы үйдің ауласында шыққан өртті дер кезінде сөндіре алды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

"Таңғы сағат 10:00 шамасында тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін атқару кезінде полицейлер жергілікті тұрғынның үйінің ауласынан шыққан түтінді байқаған. Тәртіп сақшылары дереу өрт сөндірушілерді шақырып, оқиға орнына өздері барды. Мұнда олар малға арналған екі қабатты ғимараттың шатырында шөп өртеніп жатқанын анықтады", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Астанада өрт сөндірушілер көпқабатты үйде болған өрттен 7 адамды құтқарды


4 полиция қызметкері өрттің одан әрі таралуын болдырмау үшін оны дереу сөндіруге кірісті. Су, қолға түскен құралдардың көмегімен және өрт сөндірушілермен бірге олар өртті тез арада сөндірді. Осылайша жедел және ұйымдасқан әрекеттің арқасында ауыл тұрғынының үйі өрттен аман. Тілсіз жаудан ешкім зардап шекпеді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".