Түркістан облысында ҰҚК есірткі өндіретін зертхананы анықтады

Есірткі құралдарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі жергілікті тұрғын ұсталған.

Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертхана қызметі анықталды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

11 шілдеде ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертхана қызметін тоқтатты.

"Есірткі құралдарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі жергілікті тұрғын ұсталған. 60 келіден астам психотроптық зат және 2,5 тонна прекурсорлар, сонымен қатар "синтетика" дайындауға арналған жабдықтар алынды", – делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр (көрсетілген қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған).

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".