Түркістан облысындағы білім саласында 2,4 миллиард теңге қаржы жымқырылған

Фото: canva.com
Фото: canva.com
Прокуратура тергеу жүргізіп, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы білім саласында 2,4 миллиард теңге қаржы жымқырылған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Мақтаарал ауданы білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғасы мен жауапты қызметкерлері 2,4 миллиард теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді.

"Прокуратура тергеу жүргізіп, қылмыстық іс сотқа жолданды. Қаражат білім саласында жұмыс істемейтін адамдардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы жымқырылған. Бүгінгі күні күдіктілер 333,5 миллион теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды қайтарды, сонымен қатар олардың қылмыстық жолмен табылған құны 649,7 миллион теңге болатын мүліктеріне тыйым салынды", – делінген хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше, мемлекетке 1 миллиард теңгеге жуық залал қайтарылды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".