Түркістан облысының 20 ауылы ішімдіктен бас тартты

Бұл елді мекендерде дүкенде арақ-шарап сатылмайды.

Түркістан облысына дүкенде спирттік ішімдіктер сатылмайтын елді мекенде саны 20-ға жетті. Ауыл ақсақалдарының бастамасымен бұл ауылдарда дүкенде ішімдіктің сатылуына тоқтам қойылған. 

Ішімдіктен бас тартқан елді мекендер: 

  • Арыс қаласы: Дермене, Теміржолшы, Орманды, 40-разъезд елді мекендері;
  • Бәйдібек ауданы: Түйетас ауылы;
  • Жетісай ауданы: Алмалы ауылы; 
  • Келес ауданы: Шұқырсай, Мақташы ауылдары;
  • Мақтаарал ауданы: Табысты;
  • Ордабасы ауданы: Аққойлы, Жусансай, Төреарық және Көлтоған елді мекендері;
  • Отырар ауданы: Қарғалы ауылы;
  • Сауран ауданы: Жүйнек, Шекербұлақ елді мекендері; 
  • Төлеби ауданы: Алғабас, Оңтүстік және Диханкөл елді мекендері;
  • Қазығұрт ауданы: Шарбұлақ ауылы.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ауылдарда қылмыс саны азайып, салауатты өмір салтымен айналысатын жастар қатары артқан. 

Ал Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылы "Үлгілі ауыл" санатына жатқызылды. 


Оқи отырыңыз: Ішімдік пен темекіден бас тартқан ауылда ұрлық пен ажырасу тыйылған


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".