Түркістан облысының әкімдігі жол салуға бөлінген 2,2 миллиард теңгені жымқырмақ болған

Әкімдік жолдарды орташа жөндеу бойынша күтпеген шығыстарды алып тастады.

Түркістан облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу жұмысын талдау кезінде 2,2 млрд теңгеге негізсіз шарттар жасалғаны анықталды, деп хабарлайды Антикор.

Ведомство мәліметінше, әкімдіктер төтенше жағдайлардың салдарын жою немесе зияткерлік меншік объектілерін сатып алу қажеттілігі сылтауымен нақты мердігерлерді іріктеп алған. Бұл конкурстық процедураларды айналып өтуге және жұмыс тәжірибесі мен ресурстары жоқ фирмаларға артықшылық беруге мүмкіндік берді.

Бұл ретте орташа жөндеу жүргізуге арналған сметаға күтпеген шығыстарға арналған шығындар негізсіз енгізіліп, бұл жұмыстардың 177 млн теңгеге қымбаттауына алып келді.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар талап етілмеген жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 210 млн теңге жұмсады.

"Талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзылуына жол берген кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, Түркістан облысының әкімдігі жолдарды орташа жөндеу бойынша күтпеген шығыстарды алып тастады, сонымен қатар қаржыландыру бөлінбестен жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге жол бермейтін заңнамалық өзгерістерге бастамашылық жасады", – делінген хабарламада.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".