Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға кетуге өтініш берді

Өмірзақ Шөкеев бұл қызметті 2019 жылдан бері атқарып келеді.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға кету туралы өтініш жазды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Өмірзақ Шөкеев өзінің қол астындағы қызметкері – Кентау қаласының экс-әкімі Дәурен Махажановқа қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша сот үкімі күшіне енгеннен кейін отставкаға кету туралы өтініш жазды. Дәурен Махажанов ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өмірзақ Шөкеев 1964 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Әр жылдары Қазақстан президенті жанындағы жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі, мемлекет басшысының экономикалық кеңесшісі, экономика министрі, "ТұранӘлем банкі" АҚ басқарма төрағасы, президент әкімшілігі басшысының орынбасары, Қостанай облысының, Астана және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметін де атқарған.

2019 жылдың ақпан айында Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Ауыл шаруашылығы министрі болған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".