Түркістандағы жаңа музыкалық драма театры Дулат Исабековтың "Бөрте" қойылымымен ашылады

Қойылымның алғашқы көрсетілімі 9-10 және 16-17 қазанға жоспарланып отыр.

Түркістанда жаңа муызкалық театр Дулат Исабековтың "Бөрте" қойылымымен ашылады. Спектакльдің режиссері – 22 жылдық тәжірибесі бар италиялық маэстро Давиде Ливермор, музыкасы Хамит Шаңғалиевке тиесілі.

"Қойылымда көрерменге иммерсивті әсер беретін озық техникалық және креатив шешімдер кеңінен қолданылатынын ерекше атап өткізім келеді. Декорация мен реквизиттердің шынайылығы, сахна киімдерінің тартымдылығы сізді жарты әлемді жаулаған Моңғол империясының XIII ғасырдың атмосферасына сүңгітіп, Шыңғыс ханның жұбайы Бөрте ханымның өмірімен жақынырақ танысуға жол ашады" – деп жазды кино және театр актрисасы Алтынай Нөгербек.

Қойылымда басты рөлдерді Айя Шәріп, Ақбота Қаймақбаева, Нұркен Өтеуілов, Еркебұлан Дайыров, Лейло Бекназар-Ханинга, Әділ Ахметов, Алмахан Кенжебекова, Алихан Идрышева, Ержан Нұрымбет, Нартай Сауданбекұлы, Қонысбек Бегайдаров, Зәмзәгүл Бегайдарова, Алтынай Нөгербек, Азамат Чукеев, Толқын Нұрбекова, Әшім Ахметов, Қуаныш Қонысбеков, Әйгерім Қайратқызы және басқалар ойнайды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".