Түркістанның оқушылары ғарыш наносерігімен байланыс орнатты

Олар бұл жұмысы арқылы ауа температурасы, қысым, ылғалдық пен ауаның ластануы туралы мәлімет жинады.

Түркістан оқушылар сарайында еліміздегі жалғыз спутниктік робототехника үйірмесі жұмыс істейді. Оған 30-ға жуық бала қатысады. Болашақ ғалымдар ғарышта наноспутникпен байланыс орнатып үлгерді. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады. 

Олар бұл жұмысы арқылы ауа температурасы, қысым, ылғалдық пен ауаның ластануы туралы мәлімет жинады.

Жоба жетекшісі Еркін Ақтаевтың айтуынша, балалар теория арқылы нанотехнологияда микросұлбаларды құрастыруды үйренеді. Содан кейін олар арнайы компьютерлік бағдарламалар арқылы барлық қажетті ақпаратты енгізеді.

"Басты мақсат – ғылыммен айналысуға қолайлы жағдай туғызу арқылы үдеріс барысында оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше білім алуға құштарлығын дамыту, сонымен қатар көмек беру, бағыт-бағдар беру. Бұл үйірмеге 12 жастан асқан ғылымға, технологияға, техника мен математикаға қызығатын кез келген оқушы қатыса алады", – дейді мұғалім.

Айта кетейік, үйірмеге қатысушылар бір жыл ішінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Былтыр атмосфераның жоғарғы қабатына екі заманауи наноспутник ұшырылды. Салмағы 1-ден 10 келіге дейінгі шағын ғарыш аппараттарына бірнеше камера мен сенсорлармен жабдықталған.

Осылай, осы наноспутниктердің көмегімен атмосфераға қатысты бірқатар ақпарат алынды. Қазан айында олар жұлдызды аспанды зерттеуге көмектесетін тағы бір наноспутник құрастыруды жоспарлап отыр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".