Түркия қонақүйіндегі алапат өрт: Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты

Фото: hurriyetdailynews.com
Фото: hurriyetdailynews.com
Президент зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өзінің атынан Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сонымен қатар бауырлас түрік халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Түркиядағы тау шаңғы курортындағы қонақүйлердің бірі өртенді. Өрт салдарынан 76 адам қаза болып, 51 адам жараланды. Өрт құрбандарының көп болуына байланысты 22 қаңтар елде Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".