Түркияда туристерге баспананы жалға беру ережесі күшейтілді

Биылдан бастап кез келген азамат пәтерін қысқа мерзімге жалға беру үшін рұқсат алуға тиіс.

Жаңа заңға сәйкес, тұрғын үйді 100 күнге дейін жалға беру үшін жергілікті тұрғындар Мәдениет және туризм министрлігінен лицензия алу керек, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Биылдан бастап кез келген азамат пәтерін қысқа мерзімге жалға беру үшін арнайы тіркеуден өтіп, рұқсат алуға тиіс. Оған қоса, көпқабатты үй болса, көршілердің келісімін алу қажет. Жаңа ережеге бағынбаған баспана иесіне 100 мың түрік лирасы, яғни бір жарым миллион теңгеден астам айыппұл салынады.

Сондай-ақ, талап бойынша жалдамалы үйде 12 адамнан артық тұрмау қажет. 3 жасқа дейінгі балалар есепке алынбайды. Бұл жаңашылдық әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылатын Ыстамбұл, Анталия, Измир, Алания сынды қалаларда үйін жалға беріп, табыс табатын азаматтарды тығырыққа тірегелі тұр. Айта кетейік, жаңа ереже пәтерін 100 күннен астам жалға беретін адамдарға қатысы жоқ.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қазақстан мен Түркия – тамырлас, бауырлас, достас мемлекеттер


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".