Тұздыбастау ауылында "Әл-Бұхари" мешіті ашылды

Сыйымдылығы 120 адамға арналған мешіт құрылысы 2017 жылы басталған.

Мәуліт айында Алматы облысы Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында жаңа мешіт ашылды, деп хабарлайды ҚМДБ сайты. 

Құлшылық ордасының ашылу салтанатына бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай қатысып, жиналған мұсылман қауымға ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы сәлемін жеткізді әрі мәуліт мерекесі және жаңа мешіттің ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтады.

Сондай-ақ, бас мүфти кеңесшісі мешіт құрылысына демеуші болған кәсіпкер Мунаввер Мухиддинкызына алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Жалпы сыйымдылығы 120 адамға арналған мешіт құрылысы 2017 жылы басталып, биыл аяқталды. Құлшылық ордасы "Әл-Бұхари" аталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Мешітте ерлер мен әйелдерге арналған намаз залынан бөлек, сауат ашу, ұстаздар бөлмесі және дәретхана орналасқан.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".