"Үш күннен бері нәр татпадық". Елордада аула сыпырушылары жалақысын ала алмай отыр

Олар қаладағы Республика даңғылы мен Иманов, Иманбаева, Жәнібек Тархан көшелерін тазалайды.

Елордада аула сыпырушылары үш айдан бері жалақысын алмай жүр. Жалдамалы пәтерінен қуылып, үш күннен бері нәр татпаған. Қалаға жұмыс іздеп әр өңірден келген азаматтар енді үйіне қайта алмай отыр, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

Алпыс жастан асқан жұмысшылардың бірі үш күннен бері нәр татпаған. Аула сыпырушылардың кейбірі үш ай, енді бірі екі айдан бері жалақысын алмаған.

"Қанша квартираға қарызбын. Үй иесі айтып бере алады. Затымды ала алмаймын. Үш күн болды қара су ішіп жатырмын. Бастыққа да айттым, жүріңіздер көріңіздер деп. Мына кісілерге де айттым. Барлығымыз пәтер жалдап тұрамыз, жан-жақтан келгендер ғой", – аула сыпырушысы Ғани Серікбаев.

Олар қаладағы Республика даңғылы мен Иманов, Иманбаева, Жәнібек Тархан көшелерін таңғы сағат бестен бастап тазалайды. Айтуларынша, жұмысқа шықпай, міндетіне салғырт қараған кезі болмаған.


Оқи отырыңыз: Қазақстандық кәсіпорындар жұмысшыларына 2,8 млрд теңге жалақы төлемеген


Ал жұмысшылардың жалақысын бермей, зар қақсатқан компанияның аты – "Алтын Бэнс". Ол қаланың санитарлық тазалығына жауап беретін "Астана Тазалық" мекемесінің тендерін ұтып алған.

"Байқоңыр әкімшілігмен жұмыс істейміз. Бүгін бәріне еңбекақы беріліп жатыр. Банктің қолын кеше қойды. Бүгін ақшасы бізге түсіп жатыр. Бүгін беріп жатырмыз еңбекақыларын сол кісілердің", – деп жауап берді компания өкілі арна тілшісінің қоңырауына.

Компанияда жалпы саны 150 адам жұмыс істейді.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда қай сала мамандары ең көп жалақы алады?


Арнаның хабарлауынша, жауапты мекеме белсенді болған төрт адамға "телеарнаға хабарласқандарың үшін тамыздың айлығын бермейміз" деп қоқан-лоқы көрсеткен. Ал жұмысшылар болса, еңбек бағаланбаса, сыпырып жүрген көшелерін жабатынын айтып отыр. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".