Үкімет басшысы 1 қыркүйекке дейін жылу орталықтарын отынмен қамтамасыз етуді тапсырды

Бектенов 1 қыркүйекке дейін барлық жылу-электр орталықтары мен қазандықтарын отынмен қамтамасыз етуді тапсырды.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов алдағы жылыту маусымына дайындық барысының баяу жүріп жатқанын айта келе, бірқатар тапсырма берді.

"Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері өңір әкімдіктерімен бірге жылу көздері мен желілеріне жөндеу жұмыстарының уақытылы әрі сапалы жүргізілуіне бақылауды күшейтсін", – деді Олжас Бектенов.

Екіншіден, аталған екі министрлік пен өңір әкімдіктері 1 қыркүйекке дейін барлық жылу-электр орталықтары мен қазандықтарын отынмен қамтамасыз етсін.

"Үшіншіден, 15 қыркүйекке дейін орталық, солтүстік және шығыс өңірлерде, ал қалған өңірлерде 15 қазанға дейін барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің жаңа жылыту маусымына толық дайындығын қамтамасыз етіңіздер", – деді Олжас Бектенов үкімет отырысында.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".