Үкімет өңір әкімдіктері қызметінің тиімділігін бағалаудан шеттетіледі

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі комиссиясының жұмыс органы енді Жоғары аудит палатасы болады.

Қазақстанда Жоғары аудит палатасының құзыреті кеңейеді. Ол енді Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалауға жауап береді. 

Палата бағалау қорытындысын Президент әкімшілігіне ұсынатын болса, Президент әкімшілігі өз кезегінде мемлекет басшысына таныстырады. 

Бұл өзгерісті енгізуге ҚР Президенті әкімшілігі басшысының мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін жетілдіруге қатысты биылғы 7 қарашадағы тапсырмасы негіз болған. Оған сәйкес, ел Үкіметі операциялық бағалауға уәкілетті органдар тізімінен мүлде алынып тасталмақ. 

"Президент әкімшілігі басшысының тапсырмасына сәйкес, бұл функцияны Жоғары аудит палатасына жүктеу көзделген, бұл өз кезегінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар қатарынан Үкіметті алып тастауды талап етеді", – делінген құжаттың түсіндірме жазбасында. 

Еске салайық, Қазақстанның Жоғары аудит палатасын биылғы 1 сәуірден бастап бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайылов басқарады


Оқи отырыңыз: Медаль үшін 126 млн теңге сұраған Мәдениет министрлігі Жоғары аудит палатасының сынына қалды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".