Үкімет Ресейден зейнетақы алатын Байқоңыр тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсету мәселесін қарап жатыр

Мәселені шешу үшін Үкімет "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заңға түзетулер енгізбек.

Қазақстан Үкіметі Байқоңыр қаласының Ресейден зейнетақы алатын тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсету мәселесін қарап жатыр. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Үкімет басшысының жазуынша, қазір Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын, оның ішінде Ресейден зейнетақы алатын Қазақстан азаматтарына жеңілдікті медициналық көмек көрсету үшін "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заңға түзетулер енгізу бойынша жұмыс жүріп жатыр.

"Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін жетілдіру заңға тәуелді құқықтық актілер шеңберінде қарастырылатын болады. Жалпы, аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында болады", – деді Әлихан Смайылов.


Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағы неге азайып кетеді? БЖЗҚ басшысы түсіндірді


Айта кетейік, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заңның 26-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".