Үкімет: Су тасқынынан кейін екі облыста жаңа үйлердің құрылысы әлі аяқталмады

Көпқабатты үйлерден 5 767 пәтер сатып алынды.

Үкіметте су тасқынынан кейін салынған жаңа баспананың саны жарияланды. Бүгінде екі облыста әлі құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың айтуынша, 3,5-4 айда үлгілік жобалар бойынша 2 576 үй салынды. Бұдан бөлек, көпқабатты үйлерден 5 767 пәтер сатып алынды.

"Бұл жұмыс Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында толығымен аяқталды. Бүгінгі таңда Ақмола облысында 38 және Батыс Қазақстан облысында 28 үйдің құрылысы аяқталып жатыр. Тапсыру мерзімі – 1 қазан", – деді Қанат Бозымбаев.

Ал Сырым ауданында жерасты суларының көтерілуі салдарынан 38 саман үй жарамсыз болып қалды. Бұл факт тамыз айының соңында анықталды. Осыған байланысты 15 қазанға дейін қосымша үй салуға шешім қабылданды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".