Украинада халық жерасты метро стансаларын паналап жатыр. Фото

Украинада түнгі коменданттық сағат енгізілді. Ал метро стансалары жарылыс болған кезде адамдар жасырына алуы үшін ашық қалдырылып жатыр.

ВВС агенттігі Киев пен Харьков метро стансаларын паналаған тұрғындардың, соның ішінде қарттар мен сәбилердің суретін жариялады

Сурет: ВВС агенттігі

Агенттіктің жазуынша, украин халқы Ресей әскерінің шабуылы басталғалы бері жерасты метро стансаларын паналай бастаған. Адамдардың көпшілігі көрпе мен жылы киімге оранып алған. Жанында жеке заттары салынған сөмкесі бар.

Сурет: ВВС агенттігі

Сонымен қатар мыңдаған украин үйін тастап, көрші елдерге қаша бастаған. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының мәліметінше, олардың саны 100 мыңнан асады.

Украинаның  батысында орналасқан Польша да әскери босқындарды қабылдау үшін арнайы орталықтар құрды.

Сурет: ВВС агенттігі

Оқи отырыңыз:

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".