Ұлттық банк долларды алып-сату бағамын 7 теңгеге дейін белгілеуді ұсынды

Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz
Шектеулер қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын айырбастау операцияларына әсер етпейді.

Қазақстанда айырбастау пункттерінде валютаны сатып алу және сату бағамдары арасындағы ауытқуларға жаңа шектеулер белгіленеді, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Ұлттық банк "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқарма қаулысының жобасы әзірленгенін хабарлайды.

Жоба бойынша, айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегі АҚШ доллары үшін – 7 теңге, еуро үшін – 10 теңге деп белгілеу ұсынылады.

"Ұсынылған өзгерістер, ең алдымен, валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді төмендетуге, сонымен қатар қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталған. Бұл шектеулер қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айырбастау операцияларына әсер етпейді", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".