Ашық НҚА порталында жарияланған Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасынан "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарнаның шекті мөлшері өзгеретіні белгілі болды:
- жылдық жиынтық кірісі 60 мың – 1,5 млн еселенген АЕК аралығындағы кәсіпкерлік субъектілері үшін – 160 АЕК;
- жылдық жиынтық кірісі 1,5 млн еселенген АЕК-тен асатын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 4400 АЕК.
Қазіргі таңда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері жылдық кіріс мөлшеріне қарай 105 – 3030 АЕК аралығында тоғыз түрлі мөлшерде жарна төлейді. 2023 жылғы жарна мөлшері туралы ақпаратпен осы жерден танысуға болады.
Оқи отырыңыз: Жаңа заң қабылданды: Бөлшек салық салу тәртібі қандай?
Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 7 маусымға дейін.
Пікірлер