Ұлттық музейдегі жаңа көрме: Отырар жәдігерлерімен танысуға болады

Көрме 30 шілдеге дейін жалғасады.

Ұлттық музейде "Отырар" мемлекеттік археологиялық музей-қорығының "Ұлы жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті" тақырыбында көрмесі өтіп жатыр. Көрмеде Қазақстанның ежелгі өркениет ордасы Отырарға қатысты құнды жәдігерлер таныстырылды, деп хабарлады Ұлттық музейдің баспасөз қызметі.

Өз заманында өркениет ордасы саналып, Батыс пен Шығысты байланыстырған, қазақтың бойтұмарына айналған Отыраркөрмесіне тарихтың, халықтың өсу жолымен ұштасып, жалғасып келе жатқан зерттеулер нәтижесінде табылған жәдігерлер қойылған. Тарихи-тағылымды көрмеде Отырар даласында Ұлы Жібек жолы арқылы сауда қатынастарының дамуы және Қарахан дәуірінен бастап, Қазақ хандығына дейінгі қалалық мәдениеттің өркендеуі мен дамуынан хабар беретін 154 археологиялық жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды.

Көрерменге өткен тарихымыздан кең көлемде мәлімет беру үшін мұражай қоры жинағындағы археологиялық жәдігерлер – керамикалық бұйымдар, нумизматикалық материалдар, шыныдан жасалған заттар, тағы басқа заттай дәйектемелер, сонымен бірге, ескерткіштерге қатысты аэрофотолар мен карталар ұсынылды.


Оқи отырыңыз: Сақ, үйсіннен қалған құт мекен: Талғар қалашығының тарихы қандай?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".