Ұлттық қордан алынатын қаржы 2023 жылы 1,4 трлн теңгеге азаяды

Ұлттық экономика министрлігінің алдында экономиканы әртараптандыру міндеті тұр.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт көлемі 1,4 трлн теңгеге азаяды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенат кулуарында айтты.

"Жалпы Ұлттық қордан республикаға баратын кепілдендірілген трансфер және басқа да трансферлер келесі жылы 1,4 трлн теңгеге азаяды. Біздің негізгі мақсатымыз – мұнай емес бюджеттік тапшылықты төмендету", – деді министр.

Әлібек Қуантыров бұл үшін министрлік алдында экономиканы әртараптандыру, салық базасын кеңейту міндеті тұрғанын айтты.


Оқи отырыңыз: "Министр болуды емес, Гарвардқа түсуді тіледім". Экономика министрімен диалог


"Биыл республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде тиісті екі бюджеттік жаңа ереже пайдаланатын болды. Олардың негізгі мәні – трансферттердің көлемін шегеріп, кейін барлық республикалық бюджеттің де шегін қойып, экономикалық өсудің соңғы он жылда орташа деңгейін аспау керек. Жалпы, осындай құралдармен біз тиісті саясатты жүргізетін боламыз. Ал Ұлттық қордан трасферттер көлемі азаяды", – деді министр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".