"Ұлы дала жорығы": Астана шабандозы рекорд жасады

Астаналық шабандоз Сайын Нұрдәулет "Көкжал" атымен 1300 шақырымды еңсеріп, Гиннесс рекордтар кітабына енді.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, күні кеше басталған "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің нәтижесі бойынша құрама командалардан бөлек, жеке есепте сайысқа түскен шабандоздардың арасында үздіктер анықталды.

Астаналық шабандоз Сайын Нұрдәулет өзінің "Көкжал" атымен 1300 шақырымды еңсеріп, Гиннесс рекордтар кітабына үшінші болып енді.

Командалық есеп бойынша астаналық құрама жарысты 5 жылқымен бастап, 12 кезеңде тек 2 жылқы ғана қалды.


Оқи отырыңыз: Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді.


Жарыс ережесіне бойынша, команда тек 3 атпен ғана жарысты жалғастыра алады. Осыған сәйкес, қалған екі шабандоздың нәтижесі жекелей есепте қаралатын болады.

Жарыстың марапаттау рәсімі бүгін сағат 18:00-де Түркістан қаласында өтеді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".