"Ұлы дала жорығы" халықаралық марафон бәйгесі басталды

Марафоншылар Ботай қонысынан Астана қаласына дейін 500 шақырым жол жүреді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аясында "Ұлы дала жорығы" халықаралық марафон бәйгесі басталды, деп хабарлады ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы. 

Жорыққа Түркия, Оңтүстік Африка Республикасы, Иран, Мажарстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Қазақстан және тағы басқа мемлекеттерден 18 команда аттанды. Оның ішінде Қазақстанның атынан Адай, Әулиеата, Найман, Жетісу арғымағы, Қостанай, Көшім жылқы тұқымдарымен 9 құрама бас жүлдеге таласады.

"Ұлы дала жорығы" халықаралық марафон бәйгесінің басталу сәті. Фото: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы

 

"Қатысушылардың қатарында қыздардан құралған бірнеше команданың бар екенін атап өткен жөн. Шабандоздар Ботай қонысынан Астана қаласына дейін 500 шақырымды еңсеруі керек. Бұл – нағыз азаматтар мен қазанаттардың сыналар сәті. Соңғы жылдары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен ұлттық спорт саласы қарқынды дамып келеді. Мұның айқын дәлелі – еліміз үшін абыройлы дода – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Ендеше, ел намысын қорғайтын спортшыларымыз көк туымызды желбіретіп, жеңіс тұғырынан көрінсін", – деді ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов. 


Оқи отырыңыз: "Ұлы дала жорығында" оннан астам елден келетін шабандоздар 500 шақырымға жарысады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".