Ұлы Жем өзені арнасын бұру үшін жасанды бөгеттерді жару жұмыстары басталды

Қазіргі уақытта Ұлы Жем өзені елді мекенге қауіп төндірмес үшін, қарғын судың деңгейін түсіру өте өзекті мәселе болып отыр.

Осы ретте Жемнің бойында орналасқан жасанды бөгеттерді жару арқылы судың арнасын бұру жұмыстары басталды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев жауапты мамандармен бірге жүріп жатқан жұмыстарға аэровизуалды тексеру жүргізді.

"Жылыойға төнген қауіпті сейілту мақсатында Жем өзенінің сағаларын ашып жатырмыз. Бұл маңда кезінде көптеген жеке шаруа қожалықтар суды жинап алу  мақсатында ағыс көзін бітеп,  жасанды бөгеттер тұрғызған. Бұл қалаға келген судың ағыспен ағып кетуіне үлкен кедергі болып отыр. Соған байланысты бітелген арналардың көзін бөгеттерді жару арқылы ашып жатырмыз. Оны тротилмен жарып, өзен кедергісіз ағуда", – деді Қ.Нұртаев.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".