Үндістан-Орталық Азия жастар делегациясы форумы өтеді

Фото: Үндістан жастар ісі және спорт министрлігі
Фото: Үндістан жастар ісі және спорт министрлігі
Орталық Азияның бес елінен келген көшбасшы жастар Үндістанның бірнеше қаласын аралап, лауазымды тұлғалармен кездеседі.

Үндістанда 22-28 наурыз аралығында 3-ші Үндістан-Орталық Азия жастар делегациясы форумы өтеді. Қазақстаннан таңдалған жастар делегациясы Үндістанның екі-үш қаласына барып, мәдени және дипломатиялық алмасу бағдарламасына қатысады.

Үндістан үкіметі сапардың барлық шығынын өз мойнына алады. Делегаттар өз сапары барысында жоғары дәрежелі лауазымды тұлғалармен, мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, беделді мекемелерге барады. Сонымен қатар Үндістанның бай мәдени мұрасы мен алуантүрлілігін өз көзімен көреді.

2024 жылғы 5-13 наурыз аралығында бес Орталық Азия елінен жүзге жуық жас Үндістанға барды. 2022 жылғы қаңтарда виртуалды түрде өткізілген алғашқы Үндістан-Орталық Азия саммитінде бастама көтеріліп, сол жылы қараша алғашқы форум өтті.

Фото: Үндістан жастар ісі және спорт министрлігі

Делегация құрамына Орталық Азияның түрлі саладағы жас көшбасшылары кірді. Олар сапар барысында Үндістанның технологиялық, өнеркәсіптік және зерттеу мүмкіндіктерімен танысып, Үндістанның ғарыш бағдарламасы мен экономикалық өсуі туралы білді, сонымен қатар елдің бай мәдени мұрасына куә болды.

Жастар Дели мен Ахмедабадтағы IIT және IIM сияқты жетекші зерттеу институттары мен танымал білім беру мекемелеріне барды. Делегаттар сондай-ақ Делидегі тарихи орындарды тамашалап, MY BHARAT еріктілерімен, Үндістанның лауазымды тұлғаларымен кездесті. Әлемнің жеті кереметінің бірі Тәж-Махалды көрді.

Үндістан мен Орталық Азия мәдени және зияткерлік алмасудың ұзақ тарихына ие. Бұл сапар жас делегаттарға Үндістанның дамуы, инфрақұрылымы, кедейлік деңгейін төмендету жөніндегі күш-жігері және кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістері туралы терең түсінік берді. Олардың сапар барысында алған тәжірибелері мен әсерлері Үндістан мен Орталық Азия арасындағы халықаралық байланыстарды нығайтып, ұзақ мерзімді байланыстарды орнатуға ықпал етеді деп күтіледі.

Екі аймақ та болашаққа көз тіккен кезде, Үндістанның Орталық Азиямен жаңартылған байланысы стратегиялық серіктестікті тереңдетіп, экономикалық ынтымақтастықты арттырып, мәдени алмасуды ынталандырады деп күтіледі. Бұл ынтымақтастық пен өзара өркендеудің ортақ мұрасын нығайтады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".