Үндістанда Абай Құнанбаевтың бюсті ашылды

Бюст Нью-Дели қаласындағы Сан Мартин Парк скверінде орнатылған.

Үндістанның Нью-Дели қаласындағы Сан Мартин Парк скверінде қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаев бюсті ашылды.

Салтанатты рәсімге қатысқан ҚР премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Махатма Гандидің туған жеріне қазақ ағартушысының бюстін орнату терең символдық мәнге ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, Абай мен Ганди идеялары бір-бірімен тығыз байланысты.

"Абай – ұлы ақын ғана емес, кемеңгер ойшыл, әйгілі ағартушы. Ол жұртты ғылым игеруге, білімдар болуға үндеді. Жаңашылдық пен жасампаздықты дәріптеді. Абай мұрасы – біздің елімізге ғана емес, барша адамзатқа ортақ құндылық", – деді Бақыт Сұлтанов.


Оқи отырыңыз: Украинаның Харьков қаласында Абайға ескерткіш орнатылды


Нью-Дели қаласында Абай бюстінің ашылуына арналған салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасы делегациясының Үндістанға сапары шеңберінде өтті.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".