ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

Сот үкіміне сай, Мәсімовтің мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынды.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жариялады. 

Сот үкімімен Кәрім Мәсімов үш бап бойынша, “мемлекетке сатқындық жасады”, “билікті күшпен басып алмақ болды”, “қызметін асыра пайдаланды” деген айыппен кінәлі деп танылды. Мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынды.

Ануар Садықұлов “мемлекетке сатқындық жасады”, “билікті күшпен басып алмақ болды”, “қызметін асыра пайдаланды”, Даулет Ерғожин “билікті күшпен басып алмақ болды”, “қызметін асыра пайдаланды” , Марат Осипов “қызметін асыра пайдаланды” деп айыпталды. 


Оқи отырыңыз: Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушы Кәрім Мәсімов пе? Бас прокурор жауап берді


Тағылған айыптар бойынша, Ануар Садықұлов 16 жылға, Дәулет Ерғожин 15 жылға, Марат Осипов 3 жылға сотталып, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынды. Марат Осиповке мемлекеттік қызметте істеуге шектеу қойылды.

"Сотталғандар генерал шенінен және барлық мемлекеттік наградаларынан айырылды. Мемлекетке 10 миллиард теңге және 24 миллион доллардан астам қаржы өндірілді", - деп толықтырды сот.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".