ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді

Іс апелляциялық сотқа әлі жеткен жоқ.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлады Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың баспасөз қызметі.

"Апелляциялық шағым түсірді. Бірақ іс апелляциялық сотқа әлі келіп түскен жоқ. Іс "аса құпия" режимде қаралғандықтан, басқа мәліметтер жария етілмейді", – деді қалалық сот.

Сәуір айының соңында елордалық сот Кәрім Мәсімовті "мемлекетке опасыздық жасады", "билікті күшпен басып алмақ болды", "қызметін асыра пайдаланды" деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".