ҰҚК ірі көлемде есірткі сақтаған Қазақстан азаматтарын ұстады

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Күдіктілер қамауға алынды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бас прокуратураның үйлестіруімен Қазақстанның оңтүстік облыстарынан Астанаға есірткі жеткізудің өңірлік арнасының жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК.

"Есірткі тасымалдау кезінде "наркокурьер" ұсталды. Көлікті тексеру барысында 45 кг гашиш пен 312 кг марихуана табылып, тәркіленді. Бұдан өзге, тінтулер нәтижесі бойынша қосымша 1,6 тонна марихуана, сондай-ақ 1 кг гашиш тәркіленген", – делінген хабарламада.

Есірткі Қазақстанның солтүстік өңірлерінде көтерме және бөлшек саудаға арналған екені белгілі.

"Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".