ҰТО бакалавриатқа оқуға түсуге қажет шекті балды жария етті

2024 жылы "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" және "Ветеринария" білім беру саласы бойынша шекті балл өзгерді.

Ұлттық тестілеу орталығы бакалавриатта білім алу үші үміткер жинауы тиіс шекті балл мөлшерін жария етті. 

Орталықтың мәліметінше, биыл тек "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" және "Ветеринария" білім беру саласы бойынша шекті балл өзгеріп, кемінде 50 балды құрады. 

Қалған білім беру салалары бойынша шекті балл деңгейінде өзгеріс жоқ. Атап айтқанда:

  • "Педагогикалық ғылымдар" және "Құқық" – кемінде 75 балл,
  • "Денсаулық сақтау" білім беру саласына – кемінде 70 балл.

Сондай-ақ, ұлттық жоғары оқу орындарына – кемінде 65 балл, ал басқа ЖОО – кемінде 50 балл.

Инфографика: Ұлттық тестілеу орталығы

Оқи отырыңыз: ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады. 2024 жылғы тестілеуде қандай өзгерістер бар?


"Қазақстан тарихы" және екі бейіндік пән бойынша шекті балл – 5 балл, "Оқу сауаттылығы" және "Математикалық сауаттылық" бойынша шекті балл – 3 балл.

Қысқартылған ҰБТ тапсыратын колледж түлектері үшін шекті балл – 25 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – 35 балл. Оның ішінде әр пәннен 5 балдан кем болмауы тиіс.

Ұлттық тестілеу орталығы бұл ретте әр жоғары оқу орны білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейтінін ескертеді. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
2

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".