Владимир Путин Ресейде ішінара мобилизация жариялады

Моббилизация шаралары бүгін, 2022 жылғы 21 қыркүйек күні басталады. 

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ел халқына үндеу жасап, ішінара мобилизация жүргізілетіні туралы хабарлады

"Үкіметке және Қорғаныс министрлігіне әскери халықтық милицияға құқықтық мәртебе беру туралы тапсырмалар берілді", – деді Владимир Путин. 

Яғни, мобилизацияға шақырылған Ресей азаматтарына келісімшарт бойынша әскери қызметтен өтушілердің мәртебесі беріледі және солармен бірдей төлемақы алады. 

Ресей президентінің түсіндіруінше, мобилизацияға запастағы, және бірінші кезекте Қорғаныс құштерінің қатарында қызметтен өткен, әскер мамандығы және тәжірибесі бар адамдар тартылады. Оған қоса, арнайы әскери операция тәжірибесі ескеріле отырып, мобилизацияланған адамдар міндетті түрде қосымша әскери дайындықтан өтеді. 

Ресейде мобилизация шаралары бүгін, 21 қыркүйек күні басталады. 

 

 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".