Халифат, жихад, кришна. Қырғыз үкіметі заңды тұлғаның атауына қосуға болмайтын сөздер тізімін бекітті

Иллюстрация: Depositphotos.com
Иллюстрация: Depositphotos.com
Тізімге түрлі діндер мен діни ағымдарға қатысты 117 термин енген.

Қырғызстан үкіметінің төрағасы Әділбек Қасымәлиев заңды тұлғалардың атауында қолдануға тыйым салынған сөздер тізімін бекітті. Мұндай терминердің жалпы саны – 117. 

Тыйым салынған сөздер қатарында Ислам, Христиан, Будда және өзге де ірі діндерге қатысты сөздер көп. Мысалы, енді заңды тұлға атауында Әбу Ханифа – Орталық Азия халықтары ұстанатын Ислам діні мазхабының негізін қалаған адамның есімін қолдануға болмайды. Сондай-ақ, тізімде Әзірейіл, Жәбірейіл, Микаил сынды періштелер есімдері және Иса пайғамбардың да есімі енген. 

Тыйым салынған терминдер тізімімен Қырғыз үкіметінің сайтында толық танысуға болады. 

"Бұл құжат діни сенім еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған", – делінген құжаттың түсіндірме жазбасында. 

Еске салайық, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров таяуда "Діни сенім еркіндігі және діни ұйымдар туралы" заңға қол қойған болатын. 


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".