Ырым-тыйымға діни тұрғыдан рұқсат па? ҚМДБ пәтуа бөлімі шешімін айтты

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Исламда жаман ырымдарға тыйым салынады.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі қазақтың ырым-тыйымдарына қатысты өз шешімін шығарды. Оған сәйкес, кез келген бір нәрсені жақсылыққа ырымдап, жақсы сөз сөйлеуге шариғата рұқсат етілген, ал жаман ырымдарға тыйым салынады.

"Ырым – адам баласының естіген, айтқан, көрген нәрселерін жақсылыққа не жамандыққа жорамалдауы. Бір істі жамандыққа жорамалдау, мысалы қара мысықтың жолды кескенін жолы болмайды деу қате болып есептеледі. Ал көңілге жағымды нәрселерді жақсылыққа жоруға дінімізде рұқсат етілген. Мысалы ауырып жатқан адамға ырымдап "Уа, Сәлим! (дені сау адам)" деп айту. Әрине, мұны естіген науқастың жүрегінде ауруынан айығуға деген үміт оянады", – делінген ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: 


Бұл ретте бөлім мамандары Ибн Хажар имам әл-Хуләймидің сөзін келтірген: "Пайғамбарымыздың "әл-фәлді" ұнатуына келсек, өйткені жаман ырым ол ешбір себепсіз Аллаға деген жаман ойда болуды білдіреді. Ал жақсы ырым жақсы ойда болуды аңғартады. Мұсылман қай жағдайда болса да Аллаға жақсы ойда болуға әмір етілген".

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің шешімі: Кез келген бір нәрсені жақсылыққа ырымдап, жақсы сөз сөйлеу шариғатымызда рұқсат етілген. Ал жаман ырымдарға тыйым салынады.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".