Юрий Пя Назарбаевтың жағдайы туралы: Жүрегі ғарышқа ұшуға жарайды

Ота процедурасы 2,5 сағатқа созылған.

Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы жақсы, мамандармен бірге қашан ауруханадан шығатынын шешеміз, деп мәлімдеді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының басшысы, кардиохирург Юрий Пя. 

"Қазір Нұрсұлтан Әбішұлының жағдайы жақсы. Бір кездері оған бірге ғарышқа ұшып келгім келетіні туралы айтқан едім. Енді, міне, жүрегі ғарышқа ұшуға әбден дайын. Ауруханадан жақын арада шығарамыз деп отырмыз. Нақты шешімді осы шараға араласқан мамандармен бірлесе отырып қабылдаймыз", – деді Юрий Пя.

Мұнымен қатар, кардиохирург тұңғыш президентке ота жасалмағанын айтты.

Юрий Пя. Фото: Информбюро

"Ота 2,5 сағатқа созылды. Алайда, бұл операция емес, қарапайым ем-дом шарасы. Орыстілді ортада "операция мен "процедураны" шатастырады. Қарапайым ем-диагностика жүргіздік. Егер бұл шараны кеудесін толық ашып отырып жасасақ онда "ота" деп айтуға болатын еді. Алайда, біз емнің ең жеңіл түрін жасадық", – деп қосты дәрігер. 

Бұдан өзге Юрий Пя бұл ем-дом шарасының өткен жылы жоспарланғанын айтты. Алайда, тұңғыш президенттің жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты оны бүгінгі күнге жоспарлаған.

"Біздің медицинаға халық қана емес, билік басындағылар да сенім артады", – деп қосты дәрігер.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".