Жалған екпе паспортын пайдаланған 47 қазақстандық ұсталып, олардың төртеуі жазаланды

Құрамына 7 мемлекеттік орган өкілдері кіретін ведомствоаралық топ құрылды.

Республика бойынша жалған вакцинация паспортын пайдаланған 4 қазақстандықтың ісі сотқа жолданды. Олар кінәлі деп танылып, айыппұл төледі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров мәлімдеді. 

"40 тәулікке жалған құжат әзірлегендер емес, оны пайдаланғандар қамалады. Қылмыстық кодекстің 385-бап 3-бөлігі бойынша тәртіп осындай. Ал жазаның қандай болатынын сот белгілейді. Сотқа жалған құжатты пайдалану фактісіне байланысты 4 қылмыстық іс жолданды. Сот оларды кінәлі деп танып, айыппұл тағайындады", – деді Ішкі істер министрлігінің өкілі. 

Қылмыстық істер Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында тіркелді. Қылмыстық кодекстің 385-бап 2-бөлігі бойынша, жалған құжат дайындаған азаматтар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

"Ішкі істер органдары жалған құжат әзірлеу фактісі бойынша 86 қылмыстық іс тіркеді. Соның ішінде 47-сі – жалған вакцина паспортын, 39-ы жалған ПТР-тест анықтамасын жасау бойынша. Осы орайда мұндай қылмысқа жол бермеу үшін ведомствоаралық топ құрылғанын еске саламын. Оның құрамына 7 мемлекеттік орган өкілдері кіреді", – деді Арыстанғани Заппаров. 

Еске салсақ, вице-министр Ажар Ғиният мобильді бригаданың қандай жағдайда ПТР-тест алуы керектігін нақтылаған еді. Сондай-ақ, ол ПТР-тест қажет болмайтын жағдайлардың жиі кездесетінін айтты. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".