Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова қайтыс болды

Ол 79 жасында өмірден өтті.

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды. Бұл туралы оның қызы Құралай Нұрқаділова Instagram-парақшасында жазды. 

"Бүгін түнде еліміз үшін маңызды тұлға өмірден өтті. Ол – Заманбек Нұрқаділовтің қалыптасу жылдарында серігі болған әйел. Саясатта ақылды, білімді және сауатты Нұрбике Ілімбайқызы. Сонымен қатар өте қарапайым және зиялы жан еді. Ол туралы көп айтуға болады", – деп жазды Құралай Нұрқаділова. 

Оның айтуынша, анасы Совет Одағы кезіндегі және одан кейінгі елдің жағдайы туралы көп нәрсе айта алатын еді. Көптеген жас саясаткерлер оның қолдауымен алға жылжыған. Ол барлық тарихи оқиғаларды жақсы білетін және оларды өте қызық жеткізе алатын. 

"Менің анамның даналығына оны танитын әрбір адам тәнті болатын. Иманды бол, анашым, қолымнан келгеннің бәрін жасадым!", – деді Құралай Нұрқаділова.

Нұрбике Нұрқаділова 79 жасында өмірден өтті.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".