Жамбыл облысында шетел азаматтары құпия жолдармен шекара асып отырған

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Жамбыл облысында шетел азаматтары құпия жолдармен шекара асып отырған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Оларға кісі көзінен таса, таулы аймақтармен жол көрсеткен жергілікті тұрғын ұсталды. Күдікті Еуроодақ елдеріне нәпақа табуға барғысы келгендерге барыс-келісін ұйымдастырып отырған.

Ішкі істер министрлігі арнайы операция барысында ел аумағында заңсыз көші-қон ұйымдастырып жүрген қылмыстық топтың барын әшкереледі.

Қазақстанға еркін кіріп, еркін шыққан азаматтар Атырау мен Астанада да анықталды. Алғашқысында жалған құжатпен шетел азаматтарын тіркеумен айналысқан үш адам қамауға алынса, елордада бес адамның көлеңкелі кәсіппен айналысқаны белгілі болды.

"Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Кінәлілер мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр", – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".