Жамбыл облысының жастарына 5 пайызбен ипотека беріледі

"Әулиеата жастары" бағдарламасы шілде айынан басталады.

Жеңілдетілген тұрғын үй несиесі аясында жастарға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі беріледі, деп мәлімдеді Жамбыл облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа.

Жастарға жеңілдікпен тұрғын үй несиесін беру жобасы 2022 жылдың шілде айынан бастап жүзеге аса бастайды.

"Аталған жоба жас отбасыларға қолдау көрсетіп, жастарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жасалып отыр. Осы уақытқа дейін жастар мен жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарлама болмады", – деді Серікбол Берікқожа.

Тұрғын үй бағдарламасының шарттары:

  • бағдарламаға 35 жасқа дейінгі ҚР азаматы және ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады.
  • қарыздың ең жоғары сомасы – 13 млн;
  • несие мерзімі – 19 жыл;
  • мөлшерлеме – 5%;
  • бастапқы жарна – 5%.

Оқи отырыңыз: 18 мамырда "Алматы жастарына" өтінім қабылдау басталады


"Бұл жобаға кезекте тұрған мемлекеттік, бюджет қызметкерлері қатыса алмайды. Басқа ипотека бағдарламаларында қамтылған санатқа жатпайтын, төлем қабілеті бар жастарға басымдық беріледі", – деп қосты Серікбол Берікқожа.

Жалпы облыста тұрғын үй алу үшін – 7 140, жер телімін алу үшін 10 787 жас азамат кезекте тұр. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".