Жамбыл өңірінде "Ауыл аманаты" сәтті жүзеге асуда

depositphotos.com
depositphotos.com
Сондай жанның бірі – жеке кәсіпкер Нұрболат Қошқарбаев.

Шу ауданына қарасты Бірлікүстем ауылынан кірпіш шығару цехын ашқан ол "Ауыл аманаты" жобасы мол мүмкіндік бергенін айтады. 

"Кәсіпорын өз жұмысын 2016 жылы бастады. Былтыр "Ауыл аманаты" жобасының 5 бағыты бойынша 8 миллион 600 мың теңге алдық. Қазіргі таңда тәулігіне 2 мың дана құмды блокты кірпіш шығарып жатырмыз. Мұндағы сегіз түрлі кірпіштің бағасы да әртүрлі. Жалпы, қызыл, сары және қара түсті құмды блоктар сәнді көрінеді. Құмды блоктың қарапайым түрі – 200, рбани деп аталатыны – 400 теңге тұрады. Цехта 9 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Көпшілігі осы Бірлікүстем ауылының тұрғындары. Жалақылары 300 мың теңгеден кем емес", – дейді Нұрбақыт Қыдырбайұлы. 

Цех басшылығы тәулік сайын шығарылатын кірпішті тапсырыс берушінің мекен жайына жеткізіп беруде оңынан шешкен. Кәсіпкер алдағы жылдарда тәулігіне 2 мың 600 дана кірпіш шығарып, жұмысшылар санын көбейтуді де ойластырып отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, тамыз айында өңірге жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова аталған кірпіш цехына барған болатын. Вице-премьер "Ауыл аманаты" жобасы  түрлі-түсті құмды блок шығаратын цех жұмысының жандануына өз септігін тигізгенін атап өтті.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".