Жаңаөзендегі жарылыс: бір адамның мәйіті табылды

Жарылыстан 13 адам зардап шеккен.

Жаңаөзендегі жарылыстан бір адам қаза тапты, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігі. 

17 сәуір күні сағат 05:04-те Жаңаөзен қаласында 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдегі пәтерде жарылыс болды. Болжам бойынша газ қоспасы жарылып, 150 шаршы метр аумақта кіреберіс құлаған. 

Әкімдік дерегінше, сағат 08:30-да үйінді астынан 6 адам шығарылды. 13 адам зардап шекті, оның ішінде 1 мәйіт табылды, 5 адам ауруханаға жатқызылды, 7 адам үйіне шығарылды.


Оқи отырыңыз: Жаңаөзенде газ баллоны жарылып, 11 адам зардап шекті


Жарылыс салдарынан 3 пәтер зардап шекті. Қазір тұрғын үй газдан ажыратылған.  Қоқыстар тазартылып жатыр. Себептері мен жағдайлары анықталуда. ТЖД жедел штабы мен сенім телефонын орналастырды. 

Жарылыс орнында жүрген аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев үйінділерді шығару жұмыстарын үйлестіруде.  Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің күштері, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем, полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".