Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум жекпе-жегі 21 мамырда өтеді

Жекпе-жек WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы "уақытша" титулы үшін болады.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен британдық боксшы Дэнни Дигнум (14-0-1, 18 КО) арасындағы жекпе-жек 21 мамыр күні өтеді, деп хабарлады Sports.kz.

"Жекпе-жек 21 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді. Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум арасындағы алдағы жекпе-жек WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы "уақытша" титулы үшін өтеді", делінген хабарламада.

WBO Әлімханұлын Деметриус Андраде иеленген орта салмақтағы толық WBO титулына міндетті қарсылас етіп тағайындаған болатын. Бірақ, америкалық Деметриус Андраде оны қорғағысы келмей, WBO-ның бұл категориядағы "уақытша" чемпион атағы үшін Зак Паркермен жұдырықтасу үшін екінші салмаққа көтерілді.


Оқи отырыңыз: Жәнібек Әлімханұлы: "Бокс маған кәсіп емес, ол – менің өмірім"


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".