Жәнібек Әлімханұлы мен Винченцо Гуальтьеридің жекпе-жегін Qazsport тікелей эфирде көрсетеді

Жекпе-жекті 15 қазанда таңғы 7.00-де тамашалауға болады.

14 қазанда (Қазақстан уақыт бойынша 15 қазанда) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы германиялық Винченцо Гуальтьеримен WBO және IBF титулдарын сарапқа салады. Бұл жекпе-жекті қазақстандықтар Qazsport арнасында тікелей эфирде тамашалай алады.

Жекпе-жек АҚШ-тың Розенберг қаласында өтеді. Жәнібек Әлімханұлы белбеуін екінші мәрте қорғайтын болса, Винченцо Гуальтьери бірінші рет қорғамақ.


Оқи отырыңыз: Жәнібек Әлімханұлы: "Бокс маған кәсіп емес, ол – менің өмірім"


"Құдай қаласа, елге екі чемпиондық титулмен қайтамыз! Тағы да тарих жасаймыз", – деп жазған болатын бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы желідегі парақшасында.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".