Жас отбасыларға арналған ипотека: 6 пайызбен қалай тұрғын үй несиесін алуға болады?

"Жас отбасы" бағдарламасында бағалау көрсеткішін 16-ға жеткізу міндетті емес.

Отбасы банкі Instagram парақшасында "Жас отбасы" тұрғын үй бағдарламасының шарттарымен таныстырды. Оған неке қиғанына әлі 5 жыл болмаған жас отбасылар қатыса алады.

Жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен ипотека рәсімдеу үшін келесі шарттарды орындау керек:

  • Отбасы банкінде депозит ашып, бір жылда алатын пәтер құнының 50 пайызы көлемінде қаржы жинау;
  • Осы уақыт аралығында бағалау көрсеткішін 5-ке жеткізу.

Ипотека рәсімдегеннен кейін екі жыл өткенде пайыздық мөлшерлеме 5 пайызға дейін төмендейді.


Оқи отырыңыз: "Шаңырақ", "Ұмай", "Жас отбасы". Баспаналы болудың жеті жолы


"Жас отбасы" бағдарламасының бір ерекшелігі – ерлі-зайыптылардың жасы мен отбасындағы бала саны маңызды емес. Сондай-ақ, пәтерді жаңа үйден де, не қолданыстағы үйден де таңдай алады. Оған қоса, жер сатып алуға не үй салуға несие рәсімдей алады.

Ипотека 6 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".