Кәсіпкер немесе кәсіп бастағысы келетін жастарға конкурстық негізде микрокредит беру қағидаты бекітілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Микрокредит алу шарттары:
- 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар ала алады;
- Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңгеге дейін және ол үшін кепіл қою қажет;
- Несиенің номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5 пайыздан аспайды;
- Микрокредиттерді кез келген мақсат үшін – 5 жылға дейінгі, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.
Сондай-ақ, негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен аспайды.
Оқи отырыңыз: Жастарға арналған 2,5 пайыздық кредит: Негізгі шарттары белгілі болды
Министрлік микрокредит алуға өтінімдерді қабылдау уақыты және өтініш беретін кеңселердің мекенжайы туралы ақпарат қосымша хабарлайды.
Айта кетейік, микрокредиттер "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы беріледі.
Пікірлер