"Жасыл ипотеканың" негізгі шарттары белгілі болды

Аталған ипотекамен пәтерді тек Omir, Гост Р, Breeam, Leed сертификаттары бар тұрғын үйлерден алуға болады.

Отбасы банкі "Жасыл ипотека" жаңа тұрғын үй бағдарламасының негізгі шарттарын жариялады.

  • Бастапқы жарна: 20%;
  • Жылдық пайыздық мөлшерлеме: 12,5% (кейін 3,5-5%-ға дейін төмендейді);
  • ЖТСМ: 13.3%;
  • Несие сомасы: 35 млн теңге.

Ипотекаға тек жаңа пәтер алуға болады, яғни қайталама нарықтағы пәтерлер бұл несиеге рәсімделмейді. Сондай-ақ, пәтерді тек Omir, Гост Р, Breeam, Leed сертификаттары бар тұрғын үйлерден алуға болады. Тұрғын үй бағдарламасы биыл, 2023 жылы іске қосылады. Нақты уақыты әзірге белгісіз.

Еске салайық, төмен пайызды "Жасыл ипотека" туралы Отбасы банкінің басышысы Ләззат Ибрагимова алғаш рет 2022 жылғы маусымда хабарлаған болатын. Ол бұл жобаның бірінші кезеңі халықаралық қарды ұйымдары, ал екінші кезеңі арнайы облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатынын айтқан еді.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".