Жаттықтырушы-оқытушыларды ынталандыру төлемдері енгізіледі

Ол спортшылардың жоғары нәтижесі және оларды спорттық дайындықтың келесі кезеңіне өткізгені үшін беріледі.

Жаттықтырушы-оқытушыларға спортшысы жоғары нәтиже көрсетсе және спорттық дайындықтың келесі кезеңіне өтсе ынталандыру төлемі беріледі. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, алдағы жазғы және қысқы Олимпиадаға дайындық мақсатында әртүрлі бағдарлама жүзеге асады.

"Бұл жас таланттардың алға жылжуына көмектеседі, ал мамандарға қосымша мотивация береді. Алдағы жазғы және қысқы Олимпиадаға дайындық мақсатында "Париж-2024" және "Милан-2026" бағдарламалары іске асырылады. Бұл бағдарламалар шеңберінде біз спортшыларға жан-жақты қолдау көрсететін боламыз", – деді министр. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".