"Жедел жәрдем шақыра алмаймыз": Көкшетауда 170 отбасы аты жоқ көшелерде тұрып жатыр

Шағын аудан тұрғындары үйлеріне дәрігерлер де, полиция қызметкерлері де, өрт сөндірушілер де жете алмай жатқанын айтады.

Көкшетаудағы "Бірлік" ықшам ауданындағы 170 жаңа үйдің тұрғыны бес жылдан бері атаусыз көшеде тұрып жатыр, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жалғыз анықтамалық нүкте – дүкен мен мектеп. Тұрғындар таксиді де, жедел жәрдемді де сол жерге барып күтіп тұруы керек.

"Таксиге тапсырыс берем десең, қиындық туындайды: жаңбыр жауса да, жел соғып тұрса да, мектеп немесе балабақша алдына барып күтіп тұрамыз. Көше атауын беріп, әр үйдің нөмірленгенін қалаймыз", – деді Көкшетау тұрғыны Индира Қоспанова.

Қала әкімшілігі бұл мәселеден хабардар. Биыл көктемінде қоғамдық тыңдаулар өтіп, тұрғындар көшелерге қазақ билерінің құрметіне атау беруді ұсынды. Бастама қабылданбады. Қалалық мәдениет басқармасы жаңа есімдер ерікті түрде емес, бірқатар ережені ескере отырып таратылатынын айтты.

"Дауыс беру қорытындысы бойынша "Бірлік" шағын ауданындағы көшелердің атаулары қайтадан қарауға жіберіліп, хаттамадан шығарылды. Қазіргі уақытта көше атауларын беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шара жыл соңына дейін аяқталады", – деп уәде берді Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Күнім Оразбаева.

Оқи отырыңыз: Шүкенов, Қашаубаев және Оңғарсынова. Қосшы қаласындағы көшелерге қазақтың көрнекті тұлғаларының есімі беріледі.


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".